Содержимое файла:
Әзбергенова Әдемі Набидоллақызы
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Атырау қаласы
Өзiн-өзi тану
Мектеп_Облыстық №3 мектеп-интернаты_
Тақырып ________Денім сау болсын десең…_______________________
Құндылық_________Ішкі тыныштық_____________________________
Қасиеттер______адалдық,тазалық,мейірімділік _____________________
Сынып__6а_
Сабақ мақсаты: Денсаулықтың тазалықтан, адалдықтан тыныштық құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: Oқушыларға көңілдің тазалығы арқылы мейірімділіктің мәнін ұғындыру; Оқушылардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту; Оқушыларды сабырлылыққа,еліне абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу. |
Ресурстар: оқулық, дәптер (аудио жазбалар), слайдтар, плакат, бояулар, стикерлер |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т 2.Тыныштық сәтi. «Қысқы орманға серуен» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Қазір біз орманға серуенге шығамыз.Міне,орманға да жеттік. Орман қарайған, ішінде құстарды көре алмайсың.Ағаштардың бәрі ақ мамықтай көрпеге оранып, әдемі күйге енген. Орман ішіне түгелдей тыныштық орнаған. Кейде соққан жел ағаш бұталарының арасынан көтерілмей жатып басылады.Жердің бәрі тегістей ап-пақ.Алыстан бір ақ қоян қардың үстімен жүгіріп өтті.Биік ағаштың басында тиін секіріп жүр.Қысқы орманның ауасы тап-таза, табиғаты сондай тамаша.Сол таза ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңызды бақылап,таза шипалы ауаны бойларыңа толғанын сезініңдер. Міне,жапалақтап қар да жауа бастады. Жеп-жеңіл ұлпа қар жәймен жерге түсіп жатыр.Қандай керемет көрініс. Не деген сұлулық. Жайлап көзімізді ашамыз. Балалар көз алдарыңа қандай сурет келді. Алдарыңыздағы ұлпа қарға өз тілектеріңізді жазып, тақтаға ілейік. Жаңбыр мен қарды не деп атаймыз. Дұрыс, нұр дейміз. Ендеше бүгін баршамызға нұр жаусын, істеріміз сәтті болсын. Үй тапсырмасын тексеру: Балалар, ақ қар ненің белгісі? Дұрыс айтасыңдар, тазалықтың белгісі. Ал, тазалықтың кепілі не? Өте дұрыс. Денсаулық. Ендеше бүгінгі әңгімеміз де денсаулық туралы болады. Тапсырма : "Денсаулықтың он құпиясы" атты мәтінмен танысып келу Қоршаған ортаның адам денсаулығына тигізетін әсері қандай? Адамзатқа күлкінің қажеттігін қалай ұғындырар едің? Дұрыс тамақтанудың тигізетін пайдасы қандай? 1.Сабырлылықтың адам денсаулығына тигізер әсері қандай? 2.Мейірімділіктің денсаулықты сақтауға ықпалы қандай? 3.Адамның ұзақ, белсенді өмір сүруі адамгершіліктің ықпалы. |
Сабақ барысын талдау:
Музыка тыңдап, тынығу
Үйге берілген тапсырма бойынша балалардың түсінігін анықтау.
|
Дәйексөз. « Сау дене,азат ақыл,адал көңіл-үшеуімен болады бақытты өмір..» Әйтеке би 2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу Бәріміз қосылып айту. /Дәптерімізге жазып аламыз./ |
Балалардың ой-пікірін анықтау |
Әңгімелеу. Екі қасқыр (Аңыз) Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі – сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады. Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты: — Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді? Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті: — Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді. 1.Ертедегі қарттар немерелеріне не айтты? 2.Екі қасқырдың айқасын қалай түсінуге болады? 3.Немересі атасының сөзін қалай ұғынды? 1.Аңыз бойынша қандай мейірімділік қасиеттерді ұғындың? 2.Адам бойындағы тыныштықты қалай түсінесіздер? 3.Сабырлылық деген ұғымды қалай түсіндірер едің?
|
Аңыз бойынша түсінігін айту. |
Сергіту сәті « Жылдам тап» Ертемен тұрып не істейсің?
Тіс ауруының алды алу үшін не істеу керек?
Ауырмау үшін не істеу керек?
Ауаны ластанудан сақтау үшін не істеу керек?
Сыныптағы таза ауа қайдан келеді?
Ормандағы ағаштар жоқ болып кетпеу үшін не істеу керек?
Орман дәрігерін ата.
Қасқырдың пайдасы? Оның жанама аты.
Денім сау болсын десең не істеуің керек? Шығармашылық жұмыс. 2 топқа бөліп, тапсырма беру. 1-ші топқа: Денсаулыққа пайдалы заттар. 2-ші топқа; Денсаулыққа зиянды заттар. /суреттерді қиып, жапсырып коллаж жасау/ Жасаған жұмыстарын қорғау. |
Ой қозғап, сергіту
|
Топпен ән айту. "Бала тілегі" Сөзі:С.Молдасанұлынікі Әні:Ф.Лұқпанованікі 1.Бал-балалық,балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жаралған. Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер, Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2 рет) 2.Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет) 3.Қалықтаған көгершіні көгінде, Мұңаймасын ешбір бала елімде. Ата берген батаменен көркейсін, Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.(2 рет) |
Балалармен ән айту |
Үй тапсырмасы. Дәптердегі 22-сабақ, 46 беттен 1-тапсырманы орындап келу. 23-сабақ.Денсаулыққа байланысты даналардың жазған нақыл сөздерін оқып келу. |
Сабақты қорытып, үйге тапсырма беру |
Соңғы тыныштық сәтi. — Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. — Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. — Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. |
Рефлексия |