Тасымал

Содержимое файла:

Пәні қазақ тілі

Сынып 5 Б

Сабақтың тақырыбы Тасымал

а) білімділік Оқушыларға тасымалданбайтын

сөздер туралы түсіндіру.

ә) дамытушылық Оқушыларды дұрыс тасымал жасай

білуге үйрету

б) тәрбиелік Оқушыларды ұлтжандылыққа

тәрбиелеу. Адамгершілік ізгілік

қасиеттерін қалыптастыру

Сабақтың түрі аралас

Сабақтың типі жаңа білім беру

Сабақтың әдісі сұрақ – жауап, түсіндіру,

Пәнаралық байланыс әдебиет

Көрнекілігі интерактивті тақта,кестелер,қима қағаздар

Сабақтың жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Өткен сабақты бекіту

ІV Жаңа сабақ

V Жаңа сабақты бекіту

VІ Кітаппен, дәптермен жұмыс

VІІ Сабақты қорыту

VІІІ Үйге тапсырма беру

ІХ. Оқушылардың білімін бағалау

Бағалау парағы

тапсырмалар

топ

Үй тапсырмасын сұрау

Семантикалық карта

Ішіне сыртына

Адасқан әріптер

Эссе

Сыңарын тап

Қорытынды

І топ

ІІ топ

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Буын түрлеріне 10 мысал жазып келу

ІІІ Өткен сабақты бекіту

Зымыран сұрақтар

1. Тіл білімінің неше саласы бар?

2. Фонетика нені зерттейді?

3. Дыбыс нешеге бөлінеді?

4. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

5. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді?

6. Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

7. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

8. Буын дегеніміз не?

9. Буынның түрлерін атаңдар.

ІV Жаңа сабақ

Тасымал

Сөздің жолға сыймаған бір я бірнеше буынын келесі жолға тасымалдауға болады.

Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға тасымалдау буын жігінен жасалады. Мысалы: са – бақ, мек – теп, таңер – тең-гі, таң-ертеңгі Мына сияқты санаулы сөздерде тасымал дауыстыдан басталады: жу – ын, қи – ыр, ти – ын, бу – ын, жи – ын

Мына төмендегі сөз түрлерін тасымалдауға болмайды.

1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды. Мысалы: от, кел, ет, қарт т. б.

2. Сөздің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға немесе жолдың соңына қалдыруға болмайды. Сондай – ақ ата, аю, кею, сия, қия сөздеріндегі и, а, я, ю әріптерін тасымалдауға болмайды.

3. А. Құнанбаев, М. Жұмабаев деген сияқты қысқартылып жазылған атын оның фамилиясынан бөліп тасымалдауға болмайды.

4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын (км, кг, г, м, см, мм т. б.) алдындағы санынан бөліп тасымалдауға болмайды: 10 кг, 25 км.

5. Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқа буыны арқылы қысқарған сөздер тасымалданбайды. Мысалы: АҚШ; ТМД,ҚазМҰУ, АлМҰУ т. б.

V. Жаңа сабақты бекіту

Семантикалық карта

алма

көк

нан

мектеп

АҚШ

қазақ

1км

жаңа

құс

2кг

Тасымалдауға болатын сөздер

Тасымал жасауға болмайтын сөздер

VІ. Кітаппен, дәптермен жұмыс

1) Тасымалданбайтын сөздерді ішіне, тасымалданатын сөздерді сыртына жазу керек.

Мол, оқушы,кітап, қала, аю, мал, сабақ,АҚШ

Ішіне Сыртына

Км, он, балалар, даналық, см, ТМД, ет, қарт, сурет, ғалым

Ішіне Сыртына

2) Адасқан әріптер

Осы әріптерді пайдаланып тасымал жасауға болмайтын сөздер құрау.

о, ж, қ, л, а, ж, н, м, к, с б, с, м, л, ұ, о, н, к, г, т

3) Эссе жазу Тасымал жасауға болмайтын сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

Тақырыбы: «Көктем келді»

4) «Сыңарын тап» ойыны

Тасымал жасауға болмайтын сөздермен қос сөз жасаңдар.

Қолма –

Көзбе –

Жылма –

Жалма –

— жырт

— тыныш

— қоңыр

— қара

VІІ. Сабақты қорыту.

VІІІ. Үйге тапсырма беру.

309 — жаттығу

ІХ. Оқушылардың білімін бағалау.

Ө. Жолдасбеков атындағы №50 орта мектеп

Тақырыбы «Тасымал»

Сынып 5 В

Пәні қазақ тілі

Пән мұғалімі Ниязова Г.

Понравилось? Поделиться материалом:
Материалы для учителей