Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары

Содержимое файла:

Сыныбы:

5 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:

Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Paint графикалық редакторының мүмкіндіктерімен танысуды жалғастыру. Оқушыларға өшіргіш құралын екі режимде пайдалануды, тіктөртбұрыш, доғал, қисық фигураларды салуды және де Paint графикалық редакторының барлық құралдарын қолдануды үйрету.

Дамытушылық:

Өз бетінше жұмыс істеуге қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік:

Оқушылардың компьютерге деген қызығушылықтарын

арттыру, еңбекке тәрбиелеу, өз ойларын сурет арқылы бейнелеуге тәрбиелеу.

Сабақ типі:

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

Жаңа сабақты түсіндіру, берілген тапсырманы орындату, сұрақ – жауап әдісі, сәйкестендіру кестесі, тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс:

Бейнелеу, тарих, өзін-өзі тану.

Сабақ көрнекілігі:

Интерактивтік тақта, слайд, «Информатика» оқулығы 5 сынып, дәптер, карточка, компьютер, Paint графикалық редакторының терезесі.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.

  • Графикалық редакторды іске қоса алады.

  • Сурет салу кезеңдерін білетін болады.

  • Графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.

  • Салынған суретті сақтап, сақталған суретті ашуды біледі.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі «Шаттық шеңбері»

«Ойланайық, пікірлесейік»

II Үй тапсырмасын қайталау «Оқып үйренейік»

III Жаңа сабақ туралы түсінік беру

IV Практикалық жұмыс

  1. V Сабақты бекіту « Назар аударыңдар»

VI Сергіту сәті «Жүректен жүрекке»

VII Үйге тапсырма беру

VIII Оқушыларды бағалау

І Ұйымдастыру бөлімі

«Шаттық шеңбері»

Амандасу, түгендеу, құралдарын тексеру.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастайық.

Қызығушылықты ояту

«Ойланайық, пікірлесейік»

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

  • Петроглифтер дегеніміз не?

(Тасқа салынған суреттер)

  • Ежелгі адамдар тасқа не салу арқылы дүниеге деген көзқарасын білдірген?

(Сурет салу арқылы)

  • Қандай суреттер салған?

(Таңбалар)

  • Уақыт өте келе адамдар тасқа емес тағы неге салған суретті?

(Қағаз бен папирус)

  • Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда саламыз?

(Компьютер)

Оқушылар өз ойларын айтады.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Ерте кезден-ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп,уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.

III Үй тапсырмасын қайталау

«Оқып үйренейік»

  1. Графикалық редакторды іске қосу жолын ата.

Пуск Барлық бағдарламалар Стандартты PAINT

  1. Салынған суретті сақтау үшін қандай әрекет орындалады?

Файл –Сақтау керек ( Сохранить как…)

  1. Сақталған суретті ашу үшін қандай әрекет орындалады?

Файл –Ашу (Открыть )

  1. Түстер тақтасын жұмыс алаңына шақыру үшін қандай әрекет орындалады?

Түр- палитра (Вид- Палитра)

  1. Жұмыс үстеліндегі суретті бірден жою үшін қандай әрекет орындалады?

Сурет — тазалау (Рисунок – очистить)

  1. Масштаб құралы не үшін қолданылады?

(Суретті жақындатып қарау үшін)

  1. Графикалық редактор дегеніміз не?

(Графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа).

ІII Жаңа сабақ

Paint графикалық редакторының құралдары туралы қысқаша түсіндіру.

  1. ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндісін таңдау қызметін атқарады.

  2. белгілеу құралы бұл суреттің тіктөртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.

  3. өшіргіш құралы, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал.

  4. құю (заливка) құралы, бұл кескіннің немесе тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.

  5. түс таңдау, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез – келген нүктесінің түсіне өзгертеді.

  6. масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.

  7. карандаш құралы, бұл кез – келген сызықты әртүрлі жуандықта сызуға арналған.

  8. кисть құралы, бұл ерікті сызықтарды салуға арналған. Оның қажетті түрін таңдап алуға болады.

  9. бүріккіш құралы, бұл пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.

  10. жазу құралы, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

  11. сызық құралы, бұл түзу сызық салуға арналған.

  12. қисық құралы, бұл тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.

  13. тіктөртбұрыш құралы, бұл тіктөртбұрыш салуға арналған.

  14. көпбұрыш құралы, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.

  15. эллипс құралы, бұл шеңбер немесе эллипс салуға болады.

  16. бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш немесе квадрат салуға арналған.

Қыл қаламды баптаулар

IV Практикалық жұмыс

Оқушылар компьютерде жұмыс істеу үшін мына тапсырмалар берілді.

Қақаған қыста,

Өседі тыста.

Өзгертпей өңін,

Сақтауға ұста. (Шырша)

Күндіз кірер «інге»,

Жұрт қалады білмей.

Шығады тек түнде,

Болам дейді күндей. (Ай)

Бір көзіңмен «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді.

Бір көзім «абайла» дейді

«Қарап ал маңайға» дейді.

(бағдаршам)

V Сабақты бекіту

  1. « Назар аударыңдар»

Техникалық диктант

Paint бұл графикалық редактор. Paint графикалық редакторында 2 түспен сурет салынады. Олар негізгі және фондық түстер. Paint графикалық редакторында 16 сайман бар. Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезені жабу, жасыру, үлкейтіп-кішірейту батырмалары орналасқан.

VI Сергіту сәті

«Жүректен жүрекке»

Оқушылар бір-біріне тілек айтады.

Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек

VII Үйге тапсырма

«Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары» тақырыбын оқып келу.

  • еркін тақырыпта сурет салу;

  • құралдардың міндетін жаттау;

VIII Оқушыларды бағалау

Понравилось? Поделиться материалом:
Материалы для учителей