Содержимое файла:
Көкалажар орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Бастауыш. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша»
Өткізген: Қабдуллин Т.Е.
2013-2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін тақырып бойынша дамыту,
оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, ойларын еркін
жеткізуге дағдыландыру, шығармашылыққа баулу,
сауаттылыққа тәрбиелеу және оқушылардың ана
тілге деген сүйіспеншілігін арттыру .
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, әңгіме, жарыс, пікіралмасу, жаттығулармен жұмыс .
Қолданылған қосымша материалдар:
-
Қазақ тілі. Бектұров Ш.Қ. Алматы. Атамұра. 2006 жыл.
-
Қазақ тілі. Алматы. «Шың» баспасы. 2007 ж.
-
Қазақ тілі. Қасымбеков А.А. Астана. «Аман-ПВ. 2009 жыл.
Қолданылған көрнекі құралдар: Электронды-интерактивті тақта, электронды оқулықтар және плакаттар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Өткен тақырыпты қорытындылау:
ІV. Жаңа сабақты меңгерту:
Сызықша – сөйлемдегі белгілі сөзді, сөйлемді, сөйлем мүшесін ерекшелеп, даралап, бөліп көрсету үшін және қызметі бірдей, мағынасы ыңғайлас сөздерді жинақтап, топтап, тұжырымдап айту үшін қойылатын белгі. Сөйлемді дауыстап оқығанда, айтқанда кідіріс жасалады, ол үтірге байланысты кідірке қарағанда басқаша айтылады, басқаша естіледі.
Бастауыштан кейін қойылатын сызықшаның бес түрлі жасалу жолы бар:
Бастауыш. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша.
Бастауыш та,
баяндауыш та
зат есімнен,
заттанған басқа
сөз табынан
болса.
М., Адамның
баласы—бауырың.
Бастауыш жіктеу,
сілтеу есімдігінен,
баяндауыш ІІІ жақ.
М., Ол – әкеңнен
қалған мұра.
Бастауыш тұйық ет.,
баяндауыш ІІІ жақ.
зат есімнен немесе
керісінше.
М., Оқуға түсу — басты арман.
Бастауыш та,
баяндауыш та
бір сөздің
қайталауынан
жасалғанда.
М.,
Жамал тағдыры —
үлкен тағдыр.
Бастауыш та,
баяндауыш та
сын есім,
сан есім болып
келгенде. М.,
Бес жерде бес —
жиырма бес.
V. Жаңа сабақты бекіту:
Жаттығулармен жұмыс:
1-тапсырма. (186-жаттығу) Мәтінді оқып, нақыл сөздерді табыңдар. Сызықшаның қойылу себебін түсіндіріңдер.
Абай — өз заманының жыршысы.
Бірінші жолы — ойға салып пайымдау.
Бұл — ең ізгі жол…
Абайға баратын жол — ұзақ жол.
2-тапсырма. (278-жаттығу.) Нақыл сөздерді оқыңдар. Бастауыш пен баяндауышты тауып, тиісті жерде сызықшаны қойыңыздар.
"Тіл байлығы сөз байлығы" (Н.И.Карамзин)
"Анамыздың ақ сүтімен бойымызға
дарыған тілімізді ұмыту бүкіл
ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту". (Б.Момышұлы)
"Қазақстанның болашағы қазақ тілінде". (Н.Назарбаев)
"Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін"…
(С.Торайғыров)
3-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, жалпылауыш сөздерді тауып, сызықша қойыңдар.
Жұмағұл, Дарқан, Тәкежан үшеуі де көз алмай молданың бар қимылын бағып тұр.
Алпамыс, Қобыланды, Ер Сайын бәрі де байдың жалғыз балалары.
Он жетінші күні Құнанбайлар Төлепберді мен Қамсыбай, Бурахан үшеуін қуып жетті.
4-тапсырма. Сөйлемдерден оңашаланған айқындауышты тауып, сызықшамен ажыратыңдар.
Дүниежүзіндегі ең үлкен, ірі кит көк кит блювал деп аталады.
Олар бес кісі ояздың қасынан шықпайды.
Темірғалидың жанында осы бай үйдің иесі Көкеннің болысы Нұркенің өзі отыр.
5-тапсырма. Құрмалас сөйлемдерге байланысты сызықшаны дұрыс қойыңдар.
Сені іздеп едім көзіме түсе қоймадың.
Ұлбикеннің асыққаны сонша даяр тұрған тамаққа да қарамады.
Қыз өссе елдің көркі. Ағайын тату болса ат көп.
6-тапсырма. Төл сөз автор сөзіне байланысты тиісті тыныс белгіні қойыңдар.
Табалдырықта тұрма деді әжем.
Өркенің өссін десең деп толғаған Қаз дауысты Қазыбек кекшіл болма.
Екі көзің не үшін керек
Жақсыларды көру үшін.
7-тапсырма. Сөйлемді ықшамдап қолдануға байланысты сызықшаны дұрыс қойыңдар.
Әуелі көрініс, сонан соң біліс. (көне қыпшақ ескерткіші)
Балапаннан сұңқар,
Құлыннан тұлпар. (С.Сарайи)
Тіл шекер, байлық бекер. (халық мақалы)
Сынамаған алданар,
Ойламаған ұтқызар. (М.Қашқари)
Сұрақтармен жұмыс жасау:
1. Пунктуацияның зерттеу объектісі?
2. Сөйлем соңына қандай тыныс белгілер қойылады?
3. Сөйлем ішіне қандай тыныс белгілер қойылады?
4. Құрмалас сөйлемнің жігіне қойылатын тыныс белгілер?
5. "Сызықша"(тире) мен "дефистің" айырмашылығы неде?
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау:
Сонымен, сөйлемдегі белгілі сөзді, сөйлемді, сөйлем мүшесін ерекшелеп, даралап, бөліп көрсету үшін және қызметі бірдей, мағынасы ыңғайлас сөздерді жинақтап, топтап, тұжырымдап айту үшін қойылатын белгі ал бастауыштан кейін қойылатын сызықшаның бес
түрлі жасалу жолы болды.
VІ. Үйге тапсырма. Ережені толық қайталау, 200-жаттығу.
VІІІ. Бағалау.
Сабаққа өзіндік талдау.
Қазақ тілінен 9 «А» сыныбында ашық сабақ өткен болатын. Сабақтың тақырыбы: «Бастауыш. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша.». Сабақтың негізгі мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін тақырып бойынша дамыту, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, шығармашылыққа баулу, сауаттылыққа тәрбиелеу және оқушылардың ана тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мұғалім өзі қойған мақсатқа жетті, өйткені оқушылар өз білімдерін көрсете білді, түрлі жаттығуларды орындап, талдау барысында өз ойларын жеткізді. Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына тез, әрі дұрыс жауап берді. Және оқушылардың электронды-интерактивті тақтамен және электронды оқулықпен жұмыс істей алатындығын көрсетті. Сабақ жоспар бойынша өтті. Оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелейтін, ізденімпаздыққа баулитын мазмұнды сабақтың бірі.