Содержимое файла:
Жетіген аспабы туралы қазақша ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жетіген аспабы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ән-әуенге қызығушылығын арттыру, ұлттық музыканы сүюге, үйренуге, тыңдай білуге баулу. Шығармашылығын дамыту. Аспаптық музыканың дамуы, ерекшелігі туралы түсінік беру.
Міндеті: әнді көңілді сипатта орындауға үйрету. Көркемдік талғам мен шығармашылық ізденіс дағдыларын дамыту, халық музыкасымен сусындату. Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы. Көрнекілігі: Жетіген аспабының суреті.
Жоспар: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
IV. Мағынаны тану.
V. Сергіту сәті.
VІ. Ой толғаныс.
VІІ. Бекіту.
VІІІ.Үйге тапсырма.
ІХ. Қорытынды.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. — Сәлемдесу. — Сынып оқушыларын түгендеу. — Сыныпты сабаққа даярлау. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Сұрақтар арқылы) — Домбыра қандай аспап? (қазақ халқының ұлттық аспабы,) — Неше ішекті? (екі ішекті, тоғыз пернелі аспап) — Қалай ойналады? (шертіп) — Домбырамен қандай шығармалар орындаймыз? (ән, күй, жыр, айтыс т.б.) — Батыс Қазақстан өңірінің домбырасының пішіні қандай? Үйге қандай әнді жаттауға бердім? «Домбырасыз ән қайда?» ІІІ.Қызығушылығын ояту. Жұмбақ. Жеті шектен жеті түрлі үн шығар. Әуезінен жеті тарау мұң шығар Ойнап кетсең, түрлі-түрлі жыр шығар, Бұл қандай аспап? (Жетіген) IV. Мағынаны тану. Жетіген-жеті ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жетіген – қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Тарихы Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Жетіген аспабы түркі тілдес халықтардың барлығында да бар және өз тілдік атауларымен аталады. Мысалы, татарлар — “етиган”, тувалықтар — “жадықан”, хақастар — “шатқан” деп атап, музыкалық аспаптарымыздың да этникалық шығу, пайда болу негізінің ұқсас, тектес екендігін байқатады. Жетіген сөзінің пайда болуы«Жетіген» деген атау тегінде екі сөзден құралса керек: жеті және ән. Яғни, мұны әндетуші немесе күй шертуші жеті ішек десе де болғандай. Жетіген туралы аңыз Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болған. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған шек салып, тиек қойып, “Қарағым” күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші шек тартып, “Қанат сынар” деген күй шығарды, үшінші ұлы Жайкелдіге ол “Құмарым” күйін, төртінші ұлы Бекенге “От сөнер”, бесінші ұлы Хауасқа “Бақыт көшті”, Жүлзарға “Күн тұтылуы” атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші шекті тартып, “Жеті баламнан айрылып құса болдым” атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер мұнан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй-пьеса түрінде бізге “Жетігеннің жетеуі” деген жалпы атпен жеткен. “Жетіген деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән” – “жетіген” деген ұғымды береді. Қазақтың халық әндері-қазақ халқының рухани бай мұрасы. Олай болса сол бізге жеткен мұраларымыздың бірі – халық әні «Балапан қаз» әнін үйренеміз. V. Сергіту сәті. VІ. Ой толғаныс. 1. «Мұны кім істейді?» дидактикалық ойын: Шарты: суреттерге қарап сұрақтарға жауап беру. — Әнші не істейді? (Ән орындайды) — Күйші не істейді? (Күй тартады) — Сазгер не жазады? (Ән жазады) — Биші не істейді? (Би билейді) 2. «Кел ойнайық» атты әріп ойын ойнайық. Шарты: Әр әріптің астына жазылған сандарды ретімен қойса, шертпелі аспаптың аты шығады. Жауабы: Жетіген. Е Е І Ж Н Т Г 6 2 4 1 7 3 5 VІІ. Бекіту. — Жетіген қандай аспап? — «Жетіген» сөзі қандай екі сөзден шыққан? — Неден жасалады? — Басқа аспаптардан айырмашылығы қандай? — Ертеде ішектері неден жасалған? VІІІ. Үйге тапсырма. Тақырыпты оқып, халық әні «Балапан қаз» әнін жаттау. ІХ. Қорытынды. Сабақты аяқтап, оқушыларды бағалау.