Публикация на тему: «Қаржы түрлері мен қаржы жүйесі»

Содержимое файла:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Талдықорған политехникалық колледжі

САБАҚ ЖОСПАРЫ № 25

Күні

Топ

Пән: Нарықтық экономика негіздері.

Сабақ тақырыбы: Қаржы түрлері мен қаржы жүйесі

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Пәнаралық байланыс: экономика негіздері, кәсіпорын экономикасы, маркетинг және менеджмент негіздері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қаржы ресурстары және оның бастамасы жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: Қаржы ұғымы жайлы түсініктерін тереңдету.

Тәрбиелік: Студенттерді адалдыққа, ұқыптылыққа пән сүйгіштікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақты жабдықтау.

Көрнекі құралдар: лекция-конспект, тест тапсырмалары, бақылау сұрақтары

Негізгі әдебиет: Р.Қ.Ниязбекова, Б.А.Рахметов, П.Т.Байнеева

«Кәсіпорын экономикасы

Сабақты жүргізу кезеңдері.

І.Ұйымдастыру кезеңі

Студенттермен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын бақылау, кабинеттін тазалығын тексеру.

ІІ.Өткен тақырыпты қайталау.

Маркетингтің мақсаты неде? Маркетинг концепциясын және фукциясы ата. т.б.

ІІІ.Жаңа тақырыпты баяндау.

1.Кәсіпорынның қаржы ресурстары.

2.Қаржы ресурстарының бастамасы, оларға қысқаша мінездеме.

IV.Жаңа тақырыпты бекіту.

Қаржы дегеніміз не? Қаржы жүйесі дегеніміз не? Кәсіпорын қаржысы дегеніміз не? Несие жүйесі жайлы не білесіз? т.б.

V. Үй тапсырмасы.

Р.Қ.Ниязбекова, Б.А.Рахметов, П.Т.Байнеева «Кәсіпорын экономикасы» 646 бет

VІ. Сабақты қорытындылау

Студенттердің түсінбеген сұрақтарына жауап беру , оқушылардың жауабын бағалау.

Оқытушы: Байдилданова М. С.

Әдіскер: Жанысбекова Г.А.

Қаржы түрлері мен қаржы жүйесі

1. Қаржы және қаржы жүйесі.

2. Қаржылардың қызметтері мен қаржылық әрекеттің көздері.

3. Несие мен несие жүйесінің түсініктері.

1. Қаржы және қаржы жүйесі.

Мемлекеттің пайда болуымен бірге, оны ұстап тұру үшін қорларды табу қажеттілігі пайда болды. Басында бұл халықтың заттай беруі болды, кейіннен, тауар-ақша қатынастарының пайда болуымен, — ақшалай төлемдерге айналды. Мемлекетті ұстап тұруға қажетті бұл ақша қорларының жиынтығы «мемлекеттік қаржы» деп аталады.

Қазіргі жағдайда мемлекеттің рөлі мен мәні жоғарлауда, соның салдарыннан қоғамның оның ұстап тұрға деген шығындары жоғарлауда. Нарықтық жағдай салдарынан мемлекет келесі негізгі қаржы функцияларын орындайды:

— кері функция – ұлттың тіршілік етуін қамтамасыз ету, оның егемендігі мен ұлттық шекараларын сақтау;

— экономикалық функция – мемлекеттің басты бағыттар бойынша қоғамдық өндіріс үрдісіне қатысуы: экономикада мемлекеттік секторды жасау және басқару, экономиканы бағдарламалау және реттеу;

— әлеуметтік функция — қоғамның кедей топтарына қамқорлық көрсету және әлеуметтік қауырттылықты азайту;

— қоршаған ортаның сапасын сақтау;

— бақылау функциясы.

2. Қаржылардың қызметтері мен қаржылық әрекеттің көздері.

Кәсіпорындардың қаржылары – бұл кәсіпорындардағы ақшалай кірістер мен жинақтарды қалыптастырумен және бөлумен байланысты ақшалай қатынастар, сонымен қатар қаржылық-банк жүйесінің алдында міндеттерді орындау үшін оларды пайдалану, сонымен қатар кеңейтілген өндіріс, қызметкерлерге әлеуметтік қызмет көрсету мен материалдық ынталандыру бойынша шығындарды қаржыландыру.

Кәсіпорындардың қаржыларының арасында үш бағытты ажыратуға болады:

  • коммерциялық негізде қызмет ететін кәсіпорындардың қаржылары;

  • коммерциялық емес әрекетті жүзеге асыратын кәсіпорындар мен

ұйымдардың қаржылары;

  • қоғамдық ұйымдардың қаржылары.

 Коммерциялық кәсіпорындар ЖІӨ құруға, бөлу мен пайдалануға қатысады, олар материалдық өндіріс саласында қызмет етеді, онда негізінен тұтас қоғамдық өнім және ұлттық кіріс құрылады.

Кәсіпкерлік әрекеттің барысында өндірісті ұйымдастырумен, өнмді сатумен, қызметтер көрсетумен, жұмыстар орындаумен, дербес қаржы ресурстарын қалыптастырумен, қаржыландырудың сыртқы көздерін тартумен, оларды бөлумен және пайдаланумен байланысты, қаржылық қатынастар туындайды.

Экономикалық мазмұны бойынша барлық қаржылық қатынастарды келесі бағыттар бойынша топтауға болады:

  • кәсіпорынды құру сәтінде ұйымдастырушылардың арасындағы – олар меншікті капиталды, соның ішінде жарғылық (акционерлік, қоймалық) капиталды қалыптастырумен байланысты. Жарғылық капитал өндірістік қорлар мен материалдық емес активтерді қалыптастырудың бастапқы көзі болып табылады;

  • кәсіпорындардың арасындағы – өнімді өндіру мен сату бойынша; бұл жабдықтаушы мен шикізаттың, материалдарды, дайын өнімді және т.с.с. сатып алушының арасындағы қаржылық қатынастар; құрылыс ұйымдарымен, жүктерді тасымалдауда көлік ұйымдарымен, байланыс кәсіпорындарымен, кеденмен, шетелдік фирмалармен және т.с.с. қатынастар. Кәсіпорындардың арасындағы бұл қатынастар негізгі болып табылады, өйткені оларды тиімді ұйымдастыруға коммерциялық әрекеттің соңғы қаржылық нәтижесі тәуелді. Сонымен қатар кәсіпорындардың арасында бағалы қағаздардың эмиссиясымен (шығарумен) және орналастырумен, өзара несиелеумен, бірлескен кәсіпорындар құруда үлестік қатынаспен байланысты қаржылық қатынастар туындауы мүмкін;

  • кәсіпорын және оның бөлімшелерінің (филиалдар, цехтар, бөлікмдер, бригадалар) арасындағы – шығындарды, айналыс құралдарын қаржыландыру, пайданы бөлу және пайдалану бойынша; бұл қатынастар өндірістің ырғақтылығын ұйымдастыруға ықпал етеді;

  • кәсіпорын және оның қызметкерлері арасындағы – кірістерді бөлу және пайдалану, кәсіпорынның акциялары мен облигацияларын шығару және орналастыру, облигациялар бойынша % және акциялар бойынша дивидендтер бойынша төлеу, келтірілген залал үшін айыппұлдар мен өтемақыларды өндіріп алу, жеке тұлғалардан салықты ұстап қалу кезінде; бұл қатынастарға жұмысшылардың еңбек өнімділігі тәуелді;

  • кәсіпорын мен жоғары тұрған ұйымның арасындағы (ФПГ, холдингтердің ішіндегі, кәсіпорын мүшесі болып табылатын,одақтармен және ассоциациялармен). Қаржылық қатынастар орталықтанған мақсатты ақшалай қорлар мен резервтерді қалыптастыру, бөлу, пайдалану кезінде, маркетингілік зерттеулер, НИиОКР, көрмелер жүргізу кезінде және т.с.с. туындайды. Бұл қатынастар кәсіпорындарды қолдауға және дамытуға бағытталған;

  • кәсіпорындар мен мемлекеттің қаржылық жүйесі арасындағы – салықтар төлеу, бюджетке міндетті төлемдер, бюдеттен тыс қорларды қалыптастыру, салық жеңілдіктерін беру, айыппұл санкцияларын қолдану, бюджеттен қаржыландыру кезінде;

  • кәсіпорындар мен банк жүйесінің арасындағы – коммерциялық банктерде ақша сақтау, қарыз алу және өтеу, банк несиесінің % төлеу, валютаны сатып алы және сату кезінде, басқа банк қызметтері;

  • кәсіпорындар мен сақтандыру компанияларының арасындағы – мүлікті, қызметкерлердің жеке категорияларын, түрлі тәуекелдерді сақтандыру;

  • кәсіпорындар мен инвестициялық компнаиялар арасындағы – инвестицияларды орналастыру, жекешелендіру барысында және т.б.

Қаржылық қатынастардың әр тобын қолданудың түрлі салалары мен жеке ерекшеліктеріне қарамастан, олардың барлығы екіжақты сипатқа ие және олардың материалдық негізі ақша құралдарының қозғалысы болып табылады.

Қаржылардың негізгі қызметтері бөлу және бақылау болып табылады, олар өзара тығыз байланысты.

Бөлу қызметі ұйымдастырушылардың үлестері есебінен бастапқы капиталды қалыптастыру; өнім өндірісіне капитал салу, негізгі қорларды өндіру және т.б. үрдістерде жүзеге асырылады. Осылайша, фирманың келіп түсетін кірістері: жарғлықы, резервтік қорлар, жинауқтау, тұтыу қорлары және т.с.с. қалыптасады және бөлінеді. Бөлу қызметі жалпы қоғамның да, жеке кәсіпорындардың да, сонымен қатар олардың қызметкерлерінің, акционерлерінің, несиелік ұйымдардың мүдделерін қамтиды.

Бөлу қызметінің тиімділігі қаржылардың басқа қызметін – бақылау қызметін жүзеге асырусыз мүмкін емес.

Бақылау қызметі – бұл өнім өндірісі мен сатылуына шығындардың құндық есебі. Бақылау қызметін немесе қаржылық бақылауды жүзеге асырумен келесі объектілер айналысуы мүмкін:

  1. кәсіпорынның өзі – шаруашылық әрекетті, қаржылық көрсеткіштерді, тауарлы-материалдық құндылықтарды жабдықтаушылардың алдындағы міндеттемелерді және т.б. талдаудың көмегімен;

  2. акционерлер (және акциялардың негізгі пакетінің иегерлері) – пайда алуды және дивидендтер төлеуді бақылау;

  3. салық органдары – салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің толықтығы мен уақытында жүргізілуін бақылау;

  4. Қаржы министрлігі (бақылау-тексеру қызметі) – бөлінетін бюджеттік қаржылардың пайдаланылуын бақылау;

  5. коммерциялық банктер – қарыздар алу мен қайтаруда, өзге банктік қызметтер көрсетуде;

  6. тәуелсіз аудиторлық фирмалар – аудиторлық тексерулер жүргізуде.

Коммерциялық кәсіпорынның қаржылық әрекетінің көздері ішкі және сыртқы болып табылады. Ішкі көздерге жарғылық капитал, өнімді сатудан түскен түсім, сонымен қатар жеке айналыстан тыс активтерді қайта бағалаудың нәтижесінде түзілетін қосымша капитал жатады. Сыртқы көздер тартылған қаржылық құралдар (акцияларды сату), заем құралдары (ком.банктердің қарыздары), мем.бюджеттің құралдары болып табылады.

Нарықтық экономика несие мен несиелік қатынастарды жүзеге асырусыз мүмкін емес.

3. Несие мен несие жүйесінің түсініктері.

Несие – бұл қайтарымдылық пен ақылық шарттарында уақытша пайдалануға берілетін, қарыз капиталының қозғалыс формасы. Несие несие берушілер мен заем алушылардың арасындағы қатынастарды білдіреді; оның көмегімен кәсіпорындардың, халықтың, мемлекеттің ерік ақша қаражаттары шоғырландырылады; олар уақытша пайдалануға берілетін қарыз капиталына айналады.

Несие әрекеттегі кәсіпорындардың қорлар айналымының үздіксіздігін қолдау үшін қажет; өзінің негізгі қызметін – қайта бөлу қызметін атқарады; несие шаруашылық әрекетке арналған меншікті капитал жетіспегенде кәсіпорынға қажет; ол ақша массасының көлеміне және ақшаның айналым жылдамдығына ықпал етеді; өндірістің ірілендірілуіне мүмкіндік тудырады, өндіргіш күштерінің дамуын, негізгі қорлардың кеңейтілген өндірісін ынталандырады; несие фермерлік шаруашылықтардың, шағын бизнес кәсіпорындарының дамуын қамтамасыз етеді, жалпы кәсіпкерлік әрекетті дамытады.

Несие жүйесі – бұл несиелік қатынастардың, несиелеу формалары мен әдістерінің жиынтығы, бұл еркін ақша қаражаттарын шоғырландыратын және оларды қарызға беретін, несие-қаржы мекемелерінің жиынтығы.

Нарықтық экономика несиенің келесі формаларын көздейді:

1. коммерциялық – несие тауарлы формада экономикалық субъектілердің арасында (жабдықтаушы-сатып алушыға);

2. банктік – несие ақшалай формада банктермен және өзге несие мекемелерімен беріледі; өз кезегінде мынадай болады:

3. ипотекалық – мүлікті сатып алуға (немесе кепілге қойып) берілетін несие;

4. тұтынушылық – тауарларды сатып алу үшін халыққа берілетін несие;

5. ауылшаруашылық – ауыл шаруашылығын (шаруа және фермерлік шаруашылықтарды) дамытуға берілетін несие;

6. коммуналдық – қалалық жылжымайтын мүлікті кепілге беріп, қалалық шаруашылық мұқтаждықтарына берілетін несие;

7. мемлекеттік – мемлекет кәсіпорындарға, халыққа несие беріп, несие беруші ретінде де, бағалы қағаздар (облигациялар) үшін сол субъектілерден несие алып, заем алушы ретінде де болады;

8. банкаралық – банктердің бір-бірі несиелеуі;

9. мемлекетаралық – мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың (МВФ, ЕБРР және басқалары) қандай да бір елге несие беруі.

  Сонымен қатар несиенің келесі түрлері болады:

1. заем алушылардың негізгі топтары бойынша:

а) кәсіпорындарға берілетін несиелер,

б) халыққа берілетін несиелер,

в) мемлекетке берілетін несиелер;

2. міндеті бойынша:

а) тұтынушылық,

б) ауылшаруашылық,

в) өнеркәсіптік,

г) сауда,

д) инвестициялық,

е) бюджеттік;

3. берілу мерзімдері бойынша:

а) қысқа мерзімді (1 жылға дейін),

б) орташа мерзімді (1-3),

в) ұзақ мерзімді (св.3);

4. қызмет ету саласына қарай:

а) айналым капиталын сатып алуға берілетін несие (нағыз несие),

б) негізгі капиталды сатып алуға берілетін несие (қарыз);

5. несиені қайтарудың қаматамасыз етілу дәрежесіне қарай:

а) қамтамасыз етілмеген (бланкілі), б) қамтамасыз етілген.

Несие қандай формалар мен түрлерде болса да, несиелік мәмілеге қатысушылар несиелеудің негізгі қағидаларынсақтау керек: берілетін қаржылардың жеделдігі мен қайтарымдылығы, олардың мақсатқа сай міндеті, ақылығы (өтемділігі) мен қамтамасыз етілуі, дифференциалдануы.

Бақылау сұрақтары:

1. «Мемлекеттік қаржы» дегеніміз не?

2.Нарықтық жағдай салдарынан мемлекет орындайтын негізгі қаржы функцияларын атаңыз.

3.Кәсіпорын қаржылары дегеніміз не?

4. Бөлу қызметі дегеніміз не?

5. Бақылау қызметі  дегеніміз не?

6. Коммерциялық кәсіпорынның қаржылық әрекетінің көздері қалай бөлінеді?

7. Ішкі көздерге не жатады?

8. Сыртқы көздерге не жатады?

9. Несие дегеніміз не?

10. Несие жүйесі дегеніміз не?

11.Нарықтық экономикада несиенің қанша формасы бар?

12. Коммерциялық несие дегеніміз қандай несие?

13. Банктік несие дегеніміз қандай несие?

14. Мемлекетаралық несие дегеніміз қандай несие?

15. Ипотекалық несие дегеніміз қандай несие?

16. Тұтынушылық несие дегеніміз қандай несие?

17. Ауылшаруашылық несие дегеніміз қандай несие?

18. Коммуналдық несие дегеніміз қандай несие?

19. Мемлекеттік несие дегеніміз қандай несие?

20. Банкаралық несие дегеніміз қандай несие?

Тест тапсырмалары:

1.Мемлекетті ұстап тұруға қажетті бұл ақша қорларының жиынтығы «мемлекеттік қаржы» деп аталады.

2.Нарықтық жағдай салдарынан мемлекет қанша негізгі қаржы функцияларын орындайды:

А) 5

3.Кәсіпорындардың қаржылары – бұл кәсіпорындардағы ақшалай кірістер мен жинақтарды қалыптастырумен және бөлумен байланысты ақшалай қатынастар, сонымен қатар қаржылық-банк жүйесінің алдында міндеттерді орындау үшін оларды пайдалану, сонымен қатар кеңейтілген өндіріс, қызметкерлерге әлеуметтік қызмет көрсету мен материалдық ынталандыру бойынша шығындарды қаржыландыру.

4.Кәсіпорындардың қаржыларының арасында үш бағытты ажыратуға болады:

5.Бөлу қызметі ұйымдастырушылардың үлестері есебінен бастапқы капиталды қалыптастыру; өнім өндірісіне капитал салу, негізгі қорларды өндіру және т.б. үрдістерде жүзеге асырылады.

6.Бақылау қызметі – бұл өнім өндірісі мен сатылуына шығындардың құндық есебі. Бақылау қызметін немесе қаржылық бақылауды жүзеге асырумен келесі объектілер айналысуы мүмкін:

7.Коммерциялық кәсіпорынның қаржылық әрекетінің көздері ішкі және сыртқы болып табылады.

8.Ішкі көздерге жарғылық капитал, өнімді сатудан түскен түсім, сонымен қатар жеке айналыстан тыс активтерді қайта бағалаудың нәтижесінде түзілетін қосымша капитал жатады.

9.Сыртқы көздер тартылған қаржылық құралдар (акцияларды сату), заем құралдары (ком.банктердің қарыздары), мем.бюджеттің құралдары болып табылады.

10.Несие – бұл қайтарымдылық пен ақылық шарттарында уақытша пайдалануға берілетін, қарыз капиталының қозғалыс формасы.

11.Несие жүйесі – бұл несиелік қатынастардың, несиелеу формалары мен әдістерінің жиынтығы, бұл еркін ақша қаражаттарын шоғырландыратын және оларды қарызға беретін, несие-қаржы мекемелерінің жиынтығы.

12.Нарықтық экономика несиенің қанша формасы барю?

А) 9

13. коммерциялық – несие тауарлы формада экономикалық субъектілердің арасында (жабдықтаушы-сатып алушыға);

14. банктік – несие ақшалай формада банктермен және өзге несие мекемелерімен беріледі; өз кезегінде мынадай болады:

15. ипотекалық – мүлікті сатып алуға (немесе кепілге қойып) берілетін несие;

16. тұтынушылық – тауарларды сатып алу үшін халыққа берілетін несие;

17. ауылшаруашылық – ауыл шаруашылығын (шаруа және фермерлік шаруашылықтарды) дамытуға берілетін несие;

18. коммуналдық – қалалық жылжымайтын мүлікті кепілге беріп, қалалық шаруашылық мұқтаждықтарына берілетін несие;

19. мемлекеттік – мемлекет кәсіпорындарға, халыққа несие беріп, несие беруші ретінде де, бағалы қағаздар (облигациялар) үшін сол субъектілерден несие алып, заем алушы ретінде де болады;

20. банкаралық – банктердің бір-бірі несиелеуі;

21. мемлекетаралық – мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың (МВФ, ЕБРР және басқалары) қандай да бір елге несие беруі.

Понравилось? Поделиться материалом:
Материалы для учителей