Пастелмен жұмыс. 6-сынып

Содержимое файла:

Бейнелеу 6-сынып

Күні: 15.12.2017

Сабақтың тақырыбы: Пастельмен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Пастельмен жұмыс істеу тәсілдерін оқушыларға меңгерте  отырып, олардың түс үйлесімділігін табу.

Дамытушылық: Оқушылардың еске сақтау қабілетін, көру қабілетін,логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік:   Оқушыларды өзін-өзі бақылауға, бірлікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материал, табиғат көріністері, қағаз, қарындаш, өшіргіш, пастель және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

    Көркем өнердегі «пастель» сөзінің ұғымы Италияның «раstа» сөзінен алынып, «қамыр» деген мағынаны білдіреді. Пигменттің түрлі түсті ұнтақтарынан, бор мен шайырдың қосындысын араластырып, илеп, арнайы қамыр жасайды. Сосын осы қамырдан жұмыр таяқшалар жасап, оны кептіреді. Пастель бояуының әрбір түсінен көптеген реңктер алуға, онымен бір түстен екінші түске өтудің нәзік те жарасымды қалпын беруге мүмкіндіктер туғызуға болады. Пастель бояуы қарындаштар тобына жатқанымен, оның ашық түсіне байланысты ол жайлы кескіндеме ретінде айтамыз. Борларды кейде суға езеді, оны суретшілер акварель, гуашь бояуларымен жұмыс жасағандай пайдаланады. Пастель бояуымен жұмыс жасау ежелден белгілі болған. Соңғы кездердегі техникалық жетістіктер нәтижесінде пастель бояуының беріктілігін одан әрі бекіту үшін ерітінділер ойлап табылды. Пастель бояуымен орындалған шығармалар өте ұзақ уақыт бойы сақталып, күн сәулесіне төзімді келеді. Пастель бояуымен орындалған шығармалар бояуы түсі жағынан жарасымды болып шығады.

Пастель бояуы кескіндемедегі сияқты әр түрлі реңктердің жарасымдылығында жасалатын көркем жұмыс. Пастель жұмыстары өңдерінің ерекше жұмсақтығымен және нәзіктігімен, барқыт сықылды фактурасымен ерекшеленеді. Көптеген сұйық бояулардан айырмашылығы, ол өз түсін мүлдем өзгертпейді: суретші оны қалай жақса, солай болып қалады. Пастельдің жұмсақ таяқшаларымен жұмыс істеу бояу ұнтағын ұстап қалуға қабілетті бұдыр немесе түкті негізді талап етеді. Көне заманда суретшілер пастельмен жұмысты табиғи күдеріге жасады. Пастельдің өзіндік ерекшелігі мынада: бұл материал бір мезгілде әрі кескіндемелік, әрі суреттік материал болып есептеледі. Кейде ерекше көңіл аударып, форманы негізінен сызықтармен және штрихтармен, контурмен береді. Ал барлық түстік шешімді жай ғана суретті боямалау ретінде бар-жоғы бірнеше шартты түрде алынған өңдермен жүргізеді. Соның нәтижесінде боялған сурет алынады. Көптеген құнды жақтары бола тұра, пастельдің жалғыз кемшілігі бар, ол негізге нашар жұғып, нашар жабысады. Оған тиісуге болмайды, оны папкада сақтауға болмайды. Пастель жұмысын сақтаудың бірден-бір сенімді тәсілі оны шыны астына орналастыру. Пастель бояуымен заттың өзіндік түстік қатынастарының бүкіл күрделі гаммасын бере отырып, нағыз кескіндеме шығармасын да жасауға болады. Суретші пастель таяқшасын әр түрлі қалыпта қағаз бетінде жүргізе отырып, жұмыс техникасын алуан түрлі әдістермен алмастыра алады. Пастельмен жұмыс істеу техникасын үйренуді әр түрлі табиғат көріністерінен этюд жасаудан бастаған жөн.

Бағалау

Үйге тапсырма: Пастельмен табиғат көрінісін бейнеле.

Понравилось? Поделиться материалом:
Материалы для учителей