Геометриядан сабақ жоспары,10 сынып.

Содержимое файла:

Геометрия. 10 сынып. ІІ- тоқсан. Сабақ №19 Мерзімі:_______________

Пән мұғалімі: Байжанова Б.Ж.

Сабақтың тақырыбы

Екі жазықтықтың өзара орналасуы: қиылысқан және параллель жазықтықтар;

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

  • Екі жазықтықтың өзара орналасуы: қиылысқан және параллель жазықтықтар түсініктерімен танысу,

Оқып-үйренуден күтілетін нәтиже

Білім мен біліктілік:

  • Стереометрияның негізгі ұғымдары мен аксиомаларын меңгереді.

  • Есептер шығаруда аксиомаларды қолдана білуге жаттығады.

Математикалық тілдерін дамыту міндеттері

Осы тақырып бойынша терминологияларды (аксиома, жазықтық, кеңістік) жақсы меңгереді, терминдердің мағынасын түсінеді әрі математикалық тілде сөйлеу мәдениеттері дамиды.

Оқытуда қолданылатын әдіс -тәсілдер

Салыстыру-талдау, өз бетінше жұмыс істеу , диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау.

Ресурстар (дереккөздер)

1.Шыныбеков Ә.Н. Геометрия -10 сынып (Атамұра)

2. Ж.Қайдасов . Геометрия-10 сынып , Есептер жинағы (Жар.матем.бағ.)

3.Ж.Қайдасов . Геометрия-10 сынып , Оқыту әдістемесі (Қоғам.гум.бағ.)

4 . Ж.Қайдасов . Геометрия-10 сынып ,Дидакт.матер. (Жар.матем.бағ.)

5. Шыныбеков Ә.Н. Геометрия -10 сынып, Дидактикалық .материалдар

Сабақтың типі

Жаңа білім игеру сабағы

Сабақтың түрі

Дамыта оқыту

Сабақтың эпиграфы

Математикада формулаларды жаттау емес , олардың шығу жолын түсіну маңызды.

Сабақ жоспары

Сабақтың этаптары

Оқыту материалының мазмұны

1. Сабақты ұйымдастыру

1.Сынып оқушыларының назарын сабаққа аудару;

2.Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру, оқыту тәсілдерін талдау;

 сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

2. Өткен тақырыптар бойынша білім тексеру

1) Анықтамалар: 
— Кеңістікте қандай түзулер || деп аталады?
— Қандай түзулер айқас деп аталады?
— Қандай түзу мен жазықтық параллель деп аталады
— Екі түзу кеністікте қалай орналасады? (көрсету)
-Түзу мен жазықтық қалай орналасады 
-Түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісі?

2) сурет бойынша жұмыс

3. Жаңа білімді игеру кезеңі Ішінара –ізденіс әдісі

Оқушыларға екі жазықтықтың өзара орналасуын талдау тапсырылады:

Анықтама: ортақ нүктелері жоқ жазықтықтар параллель жазықтықтар деп аталады.

Егер екі жазықтықтың ортақ нүктесі болса, онда олар түзу бойымен қиылысады.

Параллель жазықтықтардың өмірдегі мысалдарын келтіру.

4.Практикалық кезең Сыныпта А тобының есептерін шығару

  1. Сурет бойынша а) АВС жазықтығына параллелель жазықтықты ата.

ә) АВС жазықтығына параллелель жазықтықты ата.

  1. Оқулықтан №87-90 (А тобы) жазбаша орындау

  2. №98 В тобы

5. Үйге тапсырма

1. Екі жазықтықтың өзара орналасутақырыбының теориясын оқу әрі дәптерге конспектілеу.

2. Оқулықтан №91-94 (А тобы) жазбаша орындау, №98 В тобы

6. Сабақты қорыту

  • Сабақтың мақсатқа жетуіне баға қою.

  • Сабақ соңындағы оқушылардың көңіл-күйін анықтау.(рефлексия)

Понравилось? Поделиться материалом:
Материалы для учителей