«География ?лемі» сайыс

Содержимое файла:

Тақырыбы: «География әлемі» сайыс

Әрбір мемлекеттің болашағы мектептен шыңдалады. Мектепте  білімді, сапалы, тәрбиелі бала тәрбиелеу мәселесі – біздің еліміздің ұлттық өрлеуіміздің нұрлы болашағының мәселесі. Ал, бұл мәселеге мемлекетіміз үлкен көңіл бөліп отыр. Оқушыларды танымдылыққа баулу, кездейсоқ жағдайларда әр түрлі тапсырмаларды орындауға, шапшаңдылыққа, дағды мен икемдерін дамытуға тәрбиелеу, білім алуға деген ынтасының өсуіне ықпал ететін осындай іс-шаралардың бірі — «География әлемі».

Өткізу тәртібі: «География әлемі» сайыс сабағына 7-сынып оқушылары қатысады. Сайыс сабағы мынадай шарттардан тұрады: «Таныстыру», «Өткел», «Ғажайып ондық», «Шешендік», «Ребустар», «Толысу», «Зымыран», «Қорытынды». Мұндағы ерекшелік  7″в» және 7″а» сыныбынан 8 оқушы алынып, екі топқа бөлу арқылы бір-бірімен жарыс түрінде жүзеге асады . Сонымен сайыс мүшелерімен таныс болыңыздар.

Еуразия тобының мүшелері:                Азия тобының мүшелері:

  1.                             1)  

  2. 2)  

  3.                      3) 

  4.                          4)  

Әділқазы алқалары:  1…

1 тур. «Таныстыру». Әрбір топ өздерінің топтарының атауын жеке-жеке таныстырып өтеді, бұған 5 ұпай.

1) Еуразия тобы.                     2) Азия тобы.

2 тур. «Өткел». Екі топқа барлығы 10-10-нан 20 сұрақ, әр дұрыс жауап 5 ұпай.                

Еуразия тобына:

  1. Мұхит суының басты қасиеттері (температурасы мен тұздылығы)

  2. Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешендері (материктер мен мұхиттар)

  3. Жер өз білігінен айналғандағы құбылыс (Күн мен түн ауысады)

  4. Осыдан шамамен 180-200 миллион жыл бұрынғы материк атауы? (Пангея)

5) Гондвананың құрамындағы материктерді атаңдар (Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктида)

6) Гималай тауы шыңының атауы (Джомолунгма 8848 м)

7) Еуразия материгіндегі ең ұзын өзен (Янцзы 5800 км)

8) Ең терең көл атауы (Байкал 1620 м)

9) Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері — Өлім аңғары (-86 м) деп аталады. Бұл қандай материк? (Солтүстік Америка)

10) Қазақстандағы облыс саны қанша? (14)

Азия тобына:

1)  Су тұздылығының көрсеткіші немен есептеледі? (промилле ‰)

  2)  Жердің Күнді айналуынан қандай құбылыс байқалады? (жыл мезгілдері ауысады)

3)  Лавразияның құрамына жататын материктерді атаңыз?  (Еуразия мен Солтүстік Америка)

  1. Кордильера тауының шыңы қалай аталады? (Мак-Кинли 6193 м)

  2. Жер шарындағы ең үлкен көл (Каспий S — 390 мың км²)

  3. Месопотамия ойпаты қай өзендер аралығында жатыр? (Тигр және Евфрат)

  4. Жер шарындағы кіші материк (Аустралия 7,6 млн км²)

  5. Дүние жүзінде ең суы мол өзен (Амазонка)

  6. Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – валдес (-40 м) түбегі деп аталады. Бұл қай материк? (Оңтүстік Америка)

  7. Қазақстандағы бөлінген экономикалық аудандар саны (5)

  Әділқазы алқаларынан 2 тур бойынша өтілген тапсырмалардың ұпай санын анықтап, келесі турды жалғастыру.

3 тур. «Ғажайып ондық». Бұл шартта 10 ұяшықта пәнге байланысты сұрақтар жазылған. Ұпайы жоғары топ бастайты. Дұрыс жауап 5 ұпай.

1-ұяшық.

         Орталық Азия мемлекеттерін атаңыз?

Жауабы: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан.

2-ұяшық.

         Бұл материктің шеткі нүктелері мынадай:

         Солтүстік нүктесі – Мэрчисон 

         Оңтүсттік нүктесі — Марьято

         Батыс нүктесі – Принц Уэльс

         Шығыс нүктесі – Сент – Чарльз   қай материк?

Жауабы: Солтүстік Америка

3-ұяшық.

         Ең жас эра.  

         Жауабы: кайназой

4-ұяшық.

         Құлау биіктігі 1054 метрден асатын сарқырама атауы

         Жауабы: Анхель

5-ұяшық.

         Оңтүстік Американың ең үлкен аралы

          Жауабы: Отты жер аралы, көлемі 47000 км²

6-ұяшық.

         Ауа қысымын өлшейтін құрал.

         Жауабы: барометр

7-ұяшық.

         Ыстық су мен бу атқылап тұратын бұлақ.

         Жауабы: гейзер

8-ұяшық.

         Үндістер мен негрлердің некелесуінен тараған ұрпақ атауы

         Жауабы: самбо

9-ұяшық.

         Орталық Азия шөлі.

         Жауабы: Гоби

10-ұяшық.

         Индонезияның ең үлкен аралы.

         Жауабы: Калимантан

4тур. «Шешендік» Шарты бойынша ұпайы көп топ бастайды. Бұнда  2 ұяшық берілген, бір топ 1 ұяшықты таңдайды. Толық жауапқа 5 ұпай.

1-ұяшық. Арал-арым

2-ұяшық. Байқоңыр-қалам

5тур.»Ребустар». Сайыстың шарты 12 ребус беріледі. Екі топ бірдей бастайды, әр шешілген ребус 5 ұпай. Уақытын тиімді пайдаланған топ келесі турды бірінші боп бастайды.2 топқа әр түрлі ребустар беріледі.

6тур.»Толысу». Бұл турда әділқазы алқаларын екіге бөліп, топ жанкүйірлері ретінде сұрақ қойылады. Барлығы 2 сұрақ, дұрыс жауап 10 ұпай.

1 сұрақ.1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасында қандай өзгерістер болды?   (ТМД)

2 сұрақ.1992 жылы 2 наурызда қазақ елінде қандай өзгерістер болды?

                                   (БҰҰ)

7 тур. «Зымыран». Әр топтың басшысына жеке қойылатын сұрақтар. 1мин ішінде 20 сұрақ қойылады. Әр-бір дұрыс жауап 5 ұпай

Зымыран сұрақтары:

      Еуразия тобына:

1) Күн жүйесінде үшінші  орналасқан ғаламшар (Жер)

2) Қазақстан туының авторы ( Ш. Ниязбеков)

3) Дүние жүзінде неше сағаттық белдеу бар? (24)

4) Ресей мемлекетінің астанасы (Мәскеу)

5) Жер бетіндегі ауа қабаты (атмосфера)

6) Таулар қандай түспен боялады? (қоңыр)

7) Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл)

8) Өзбекстанның ақша бірлігі (сум)

9) Су қабаты (гидросфера)

10) Канаданың астанасы (Оттава)

11) Ливингстон кім? (саяхатшы)

12) Емен қанша жыл жасайды? (2000 жыл)

13) Ең көп таралған дін (христиан)

14) Ең үлкен арал (Гренландия)

15) Трактор зауыты қайда орналасқан? (Павлодар)

16) Ылғалды материк (Оңтүстік Америка)

17) Ең үлкен материк (Еуразия)

18) Эифель мұнарасы орналасқан қала (Франция)

19) Ең кішкентай құс (колибри)

20) АҚШ – тың қазіргі президенті (Барак Обамма)

                Азия тобына:

1) Күн жүйесіндегі күнге жақын орналасқан ғаламшар (Меркурий)

2) Елтаңбаның авторы (Ш. Уалиханов)

3) Қазақстанда неше сағаттық белдеу өтеді? (3 сағат)

4) Қытай мемлекетінің астанасы (Пекин)

5) Жердің тас қабаты (литосфера)

6) Жазықтар қандай түспен боялады? (жасыл)

7) Ең биік тау (Гималай)

8) Германияның ақша бірлігі (еуро)

9) Тіршілік қабаты (биосфера)

10 Үндістан астанасы (Дели)

11) Васко–до–Гамма кім (саяхатшы)

12) Жер серігі (ай)

13) Қазақ елінің діні  (Ислам)

14) Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында (9)

15) Қырғызстанның ақша бірлігі (сом)

16) Ең кіші материк (Аустралия)

17) Суық материк (Антарктида)

18) Жаздағы таңертеңгілік байқалатын су тамшысы (шық)

19) Мойны ұзын жануар (керік)

20) Ресейдің президенті (Дмитрий Медведев)

8 тур.»Қорытынды». Сайыс өз мәресіне жеткен соң, әділқазы алқалары барлық ұпайларды есептеп, жеңімпаз топты анықтайды.

 Осымен біздің бүгінгі «География әлемі» сайыс сабағымыз аяқталды. Бүгінгі жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! География пәніне қызығушылығын одан әрі арттыруға көмек болды деп есептеймін. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!

Понравилось? Поделиться материалом:
Материалы для учителей