Содержимое файла:
Ешниязова Гүлзада Асарбайқызы
Қызылорда қаласы
№ 264 мектеп-лицей
Музыка пәні мұғалімі
2 сынып
Қысқа мерзімді жоспарлау
Сабақтың тақырыбы |
Ежелгі музыкалық аспаптар – дабыл, дауылпаз
|
Сабақтың мақсаты |
Музыкалық аспаптар және ұрмалы аспаптар жайлы түсінік беру. Ұрмалы аспаптардың ерекшеліктерімен, дыбыс бояуымен таныстыру және дыбыс тембрлерін ажыратуға үйрету. Ән айту, музыка тыңдау ережелерін сақтауға баулу. Есту, есте сақтау қабілеттерін арттыру. |
Сабақтың түрі |
Аралас сабақ |
Әдіс-тәсілдері |
Диалогтік оқыту |
Көрнекілігі |
Суреттер, аспаптар жайында аудио-видио жазбалар, аспап |
Күтілетін нәтиже |
Музыкалық аспаптар және ұрмалы аспаптар жайлы түсініктері кеңейеді. Ұрмалы аспаптардың ерекшеліктерімен, дыбыс бояуымен танысады және дыбыс тембрлерін ажыратуға үйренеді. Ән айту, музыка тыңдау ережелерін сақтауға үйренеді. Есту, есте сақтау қабілеттері артады. |
Негізгі идея |
Ұлттық аспаптарды құрметтеуге тәрбиелеу, жан-жақты эстетиалық тәрбие беру. |
Сабақтың жоспары |
1. Дауылпаз бен дабыл аспаптарының үні, Дәулеткерейдің күйі «Көрұғлы» — тыңдау 2. Халық әні «Қалаулым» — үйрену 3. Музыка сауаты – ұрмалы аспаптар |
Сабақтың барысы I.Ұйымдастыру кезеңі
II. Жаңа сабақ
III. Музыка тыңдау
IV. Ән үйрену
V. Музыка сауаты
VI. Қорытынды
VII. Бағалау
VIII. Кейінгі тапсырма |
а) Оқушылармен сәлемдесу ә) Сабаққа дайындықтарын қадағалап, назарларын аудару б) Музыкалық жеті дыбыс арқылы дауыс жаттығуын жасау. Жаттығу кезінде музыкалық дыбыстардың бірқалыпты шығуын, тыныстың дұрыс алынуын қадағалау.
Топтық жұмыс 1 топ – Музыкалық аспаптар 2 топ – Ұрмалы аспаптар 3 топ – Ұрмалы аспаптардың пайда болуы (Топтардың постер қорғау жұмыстарын тыңдау, талдау, мадақтау және толықтыру) Музыкалық аспаптардың әуені қоршаған ортаның ырғағы мен үнін неғұрлым толығымен қамтуы үшін біздің ата-бабаларымыз өте ерте кездің өзінде-ақ музыкалық аспаптардың мынадай топтарын ойлап тапқан.
Дауылпаз бен дабыл аспаптарының үні, Дәулеткерейдің күйі «Көрұғлы» — тыңдау, талдау. (аудио-видео арқылы аспаптардың дыбыстарын тыңдату)
Халық әні «Қалаулым» — үйрену
Ұрмалы аспаптар – ұрып ойналатын аспаптар, олар ырғақ арқылы орындалады.
«Ой қорыту» стратегиясы Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту -Қандай музыкалық аспаптарды білеміз? -Ұрмалы аспаптарды атаңдар? -Ұрмалы аспаптардың пайда болуы? -Ұрмалы аспаптың дыбыс тембрі? Рефлексиялық есеп
Мақтау, мадақтау, қол шапалақтау, смайликтер арқылы бағалау.
Ұрмалы аспаптар-эссе жазу, әнді, ережені жаттау. Сыбызғы аспабы-деректер жинау
|