Содержимое файла:
«Білім биржасы» зияткерлік ойыны.
Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
Ойын барысы: Ойынға 3 адамнан тұратын 2 топ қатысады.
Экономика және Ақпарат тобы. Ойын 4 турдан тұрады.
І – тур. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.
ІІ – тур. Эрудиттер сайысы. Топтарға сұрақтар қойылады.
ІІІ – тур. «Еленген еңбек өнімді». Әрбір топтан топ басшылары берілген мақал- мәтелдерді жалғастыру керек. Әрбір сұрақ 10 евро
ІV – тур. Кім жылдам? Экранда берілген салаттардың ораша құнын есептеп шығару керек. Әрбір сұрақ 50 евро
Техникалық құрал: интерактивті тақта.
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
«Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының экспертімен таныс болыңыздар.
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл-оймен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары.
Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).
«Ақпарат» – тапқырлар тобы
Ұраны:
Ақпаратпен әлемге тану мақсатымыз,
Біліммен шықсын жақсы атымыз!
«Экономика» білгірлер тобы
Ұраны:
Экономика деп шығады ұранымыз
Колледждің көкке шырқар қыранымыз!
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу -Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық!
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгін аукционымызда сауда «евро» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 50 евродан бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолыңызда!
Аукционға сұрақтар қойылады. Сұрақтың бастапқы бағасы-10 евро. Топ капитаны 10 евродан жоғарылата алады. Ең жоғарғы баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса-баға құны сол топқа беріледі. Ал егер қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: Егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда-банкрот, өкінішке орай , ол топ аукционға қатыса алмайды.
Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы»,-деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов Сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І Турды бастайық.
Аукционға №1 лото –
Сұрағы: Әлемдегі дамыған мемлекеттерді атаңыз
Жауабы: Австралия, АҚШ, Жапония, Канда, Қытай, Корея
№2 лот.
Сұрағы: ҚР Қаржы министрі кім?
Жауабы: Болат Бидахметұлы Жәмішов
№3 лот.
Сұрағы Сыйлық
№4 лот.
Сұрақ: 1 желтоқсан қандай күн?
Жауабы: Тұңғыш Президент күні
№5 лот.
Сұрақ: ҚР Президентінің жолдаулары?
Жауабы: Қазақстан – 2030, Қазақстан – 2050 және т.б.
№6 лот. Сандық (Сауда жүргізіледі). Сандықта не жасырылған?
Сұрақ: Биыл оған 20 жыл толды. Онсыз өмір жоқ сияқты. Ол елдігіміздің символы. Ол не?
Жауабы: Ақша, теңге
Осымен І тур аяқталды. Қорытындысы ….. Жоғарғы капитал жинаған топ….
Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа берілген уақыт – 2 минут. Әрбір дұрыс жауап құны 10 евро. Сұрақтың жуабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше, «тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз-адамның ең жоғарғы қасиеті», – деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз дайынбызба? Уақыт»
ІІ – тур Эрудиттер сайысы.
№1 топқа арналған сұрақтар:
1. Казақстан Республикасының валютасы- Теңге
2. Әзербайжан валютасы-Манат
3. Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі-Экономика.
4. Армения валютасы-Бран.
5. Тауарды сырттан әкелу — Импорт
6. Айырбас деген ұғым нені білдіреді-Бартер
7. Тәуелсіздік күні-16 желтоқсан
8. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар-Ақша
9. Өзбекстан валютасын ата – Сом
10. Теңгенің шыққан күні- қараша 1993 жыл
№2 топқа арналған сұрақтар:
1. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы-Инфляция
2. ҚҰБ банкінен басқа тенге сарайы қай қалада орналасқан – Өскемен.
3. Ресей валютасы – Рубль
4. Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі-Валюта
5. Қытай валютасы-Юань
6. Тауарды сыртқа шығару- Экспорт
7. АҚШ валютасы – Доллар
8. Ұйымдардан мекемелерден, саудадан түскен ақшаны жинау, банкке өткізу, үлестіру әрекеті -Айналым
9.Қырғызстан валютасы – Сум
10. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы жүк тасу-Транзит
ІІІ – тур. «Еленген еңбек өнімді» деп аталады.Экономиканы дамыту үшін бізге көп еңбек етуіміз керек. Сондықтан Әр топтан топ басшысы шығады сұрақтарға тез жауап беру керек
І-топ
1. Еңбек мұратқа жеткізер,…(Жалқаулық абыройды кеткізер).
2. Сақалын сатқан кәріден,…(Еңбегін сатқан бала артық).
3. Еңбектін көзін тапқан,…(Байлықтың өзін табады).
4. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).
5. Еңбек түбі – береке,…(көптің түбі – береке).
6. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).
ІІ топ.
1. Отынды шапқанға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).
2. Ексең егін,…(ішерсің тегін).
3. Етік тіге алмаған,…(біз таңдайды).
4. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер).
5. Берген – алар,…(еккен – орар).
6. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).
ІV-тур. Енді біз ең қызықты соңғы тур «Кім жылдам?» көшеміз.
Экранға 2 түрлі салат және оған қажетті ингредиенттер берілген. Сіздерге тапсырма осы салаттың орташа құнын есептеп шығарыңыздар. Әр дұрыс жауап 50 евро
Тауардың нарықтық құны берілген.
Салат "Океан" |
Салат "ИРИНА" |
Ингредиенттер: |
Ингредиенттер: |
Шпрот – 1 банка |
Кептірілген тауық 200 г |
Жұмыртқа – 2 шт. |
Қияр 150 г |
Сыр – 100 гр. |
Маринатталған саңырауқұлақ 150 г |
Сәбіз – 3 шт (400 гр). |
Сарымсақ 1 шт (100 гр) |
Картофель – 4 шт (700гр). |
Пісірілген жұмыртқа 4 шт |
Майонез 1 пач |
Майонез 1 пач |
Нарықтық құны:
Шпрот 1 шт– 120 тг
Жұмыртқа 10 шт – 195тг
Сыр 1 кг- 950
Сәбіз 1кг – 70тг
Картофель 1кг -55 тг
Кептірілген тауық 1кг – 1100 тг
Қияр 1кг – 400тг
Маринатталған саңырауқұлақ 1 кг – 1800 тг
Сарымсақ 1 кг- 60 тг
Майонез 1 пач – 90 тг
«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», – деген Н.Д.Зеленскийдің сөзімен сайысымызды аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!
Тауардың нарықтық құны берілген.
Салат "Океан" |
Салат "ИРИНА" |
Ингредиенттер: |
Ингредиенттер: |
Шпрот – 1 банка 120 |
Кептірілген тауық 200 г |
Жұмыртқа – 2 шт. 39 |
Қияр 150 г |
Сыр – 100 гр. 95 |
Маринатталған саңырауқұлақ 150 г |
Сәбіз – 3 шт (400 гр). 28 |
Сарымсақ 1 шт (100 гр) |
Картофель – 4 шт (700гр). 38.5 |
Пісірілген жұмыртқа 4 шт 78 |
Майонез 1 пач 90 |
Майонез 1 пач 90 |
410.5 теңге |
724 теңге |
Нарықтық құны:
Шпрот 1 б– 120 тг
Жұмыртқа 10 шт – 195тг
Сыр 1 кг- 950
Сәбіз 1кг – 70тг
Картофель 1кг -55 тг
Кептірілген тауық 1кг – 1100 тг
Қияр 1кг – 400тг
Маринатталған саңырауқұлақ 1 кг – 1800 тг
Сарымсақ 1 кг- 60 тг
Майонез 1 пач – 90 тг